Posted in

ЖІБЕК МІНЕЗ (МІНЕЗДІ)

Ибалы, ақ жарқын, ақ ниетті. ~ Кім болса, ол болсын, қайдан келсе, одан келсін, әйтеуір осы бір жібек мінезді, ізгі ниетті қыз Алмастың жүрегіне жол тартып, жанын баурап барады. ~ Жібек мінез, жігері мол қарындас, Жүрегіңде у менен бал аралас. М.Жұм. ~ Сенсің досым, жібек мінез Жібегім, Сені ғана сүйем – куә жүрегім. Суық жолдан сақтайтын сен – періштем, Сен болмасаң, азып-тозып өлемін. М.Жұм. ~ Қара торының әдемісі, жібек мінез Қанымай қызының болашағын ойлағанда қабағын шытынып, уайым жейтін. Оның себебі қызының кедейдің баласына айттырылуы. Ү.Жәл. ~ Асылы, адамның ажарын кіргізетін мұрын ғой. Ол ылғи жымиып, күліп тұрады. Жібек мінезді. Күлгенде екі бетінің ұшынан кішкентай шұқыр пайда болады. Сол үшін жымиып тұратын сияқты. Б.Бұл. ~ Кім болса, ол болсын, қайдан келсе, одан келсін, әйтеуір осы бір жібек мінезді, ізгі ниетті қыз Алмастың жүрегіне жол тартып, жанын баурап барады. С.Ом.