Posted in

ЖІБЕКТЕЙ ЕСІЛДІ

Шынайы пейіл, шырайлы жүз танытты. ~ Басы ханның өзі боп бұл тұқым иіліп–бұгілген сайын ол шалықтап шалыс баспай, татаусыз тал жібектей есіледі де тұрады. Ә.Кек. ~ Ол кісінің аты естілген жерде шешімін таптырмаған қиын мәселенің өзі жібектей есіліп сала береді. Қ.Жиен. ~ Әйел жолы жіңішке… Ғұмырының оңға бұрылып от баспай, солға бұрылып су кешпей, жібектей есіліп өтуі ме, ол? Н.Дәу.