а). Өңі қашты, сұйылды, бәсең тартты. ~ Мен тіпті оған бармай, саған салдым, – деді. Содан әңгімесінің тағы жібі босап: – белім кеше қасқыр аттап бастырмай шойырылып қалып еді… Соған қарамастан шапқаным… Тақ екі қасқыр базға түсе ғапты, түге, – деп сөзін тағы ұзақ сонарға сала берді. М.Әу. ~ Ана қабырғадағы тақыр кілем еді, текемет, алашалар кезінде жайнап тұрған жаңа еді, әр нәрсе кезінде, бұлар да бізбен бірге қартайып, жібі босап тозып, өңі тайып қуарып келеді. С.Жүн.
ә). Иі жұмсарды, қабағы ашылды. ~ Осы ойға табан тіріген Күрлеу Гүлнұрдың жұп-жұмсақ, салалы саусақтарын жап-жалпақ алақанымен аялай сипады. Гүлнұр қолын тартып алмады. Ұп-ұзын, қайқы кірпіктерін төмен түсіріп, үн-түнсіз отыра берді. Әккі жігіт жас қыздың жібі босай бастағанын сезе қойды. С.Дос.
