Posted in

ЖІБІН ТАРҚАТТЫ

а) Әлдебір түйінді мәселені шешуге тырысты. ~ Әшір сызылып сөйлеп отыр. Мына ойда жоқта ортамызда ойнай қалған шиеленістің жібін тарқатпақ боп, әдейі сөз бастады, білем. М.Қаб. ~ Шай үстінде бұлар көптен түйнектелген сөздің жібін тарқатты. Омарғазының келіп кеткенін айтқанда, Қоразбай түтігіп, алдындағы шайын ұрттауды ұмытып кетті. Б.Тоғ.
ә) Сыр шашты. ~ Екіншіден, ол қазақтың аса бір мұңды әніне салып, мұңды бір оқиғаның жібін тарқатып отырды. Ә.Нұрш. ~ Одан кейін сөйлеген кісі ақын жайлы біраз естеліктің жібін тарқатты. БАҚ. ~ Мінберге шыққан ол бюджеттік мекемелерге жүргізген тексерудің нәтижесі бойынша бірқатар тың мағлұматтың жібін тарқатты. БАҚ.