Posted in

ЖІГЕРІ ТАСЫДЫ (ТАСҚЫНДАДЫ)

Рухы көтерілді, бойына күш-қуат бітті. ~ Күн озған сайын қайраты қабындап, жігері тасып барады. Алда тағы қаншама игілікті істер тұр. М.Мағ. ~ … мысалы, жігері тасыған жастық шағының бес-алты жылын, тым болмаса, сол өзі ынтыққан шындық пен өзі қалаған және жан-тәнімен құлшынған ерлікке қызмет етуге бойындағы күшін еселеп арттыру, қиямет-қайым, қиын оқуға, ғылымға бағыштау — міне, мұндай құрбандық көбісінің қолынан әрдайым келе бермейді. Ф.Дост. ~ Таптық қырағылығынан айрылмайтын, Боранқұл секілді тарихи қылмыскерді шолжаңдатып қырға шығуына жол бермейтін, жолдас деп танымайтын, «төңкерістік жігері тасқындаған» Сәйдәлі. Ғ.Біл.