Шамамен қырық-елуден асқан, күш-қайраты тасыған, ел арасында беделі бар ер адам. ~ Өзі жігіт ағасының жасына жетіп ұлғайып қалғанына қарамастан, бір бөлмеде жататын жатқан бозбала інілерімен тең құрдастай қалжыңдап емін-еркін сөйлесетін. О.Сәрс. ~ Алдыңғы отырғышқа аузы басын сақал-мұрт жапқан жігіт ағасы жайғасқан. Бұтында қаракөк шалбар, үстінде шымқай қызыл жейде. Н.Сам. ~ Ассалам әлейкум, бауырым! — деп, күректей үлкен алақанымен қолымды қысқан жігіт ағасы, танысудың ишарасын білдіріп, өз есімін: — Ақмырза! — деді. Мен де аты-жөнімді айтып, қолын қыстым. Қ.Шам.
