Салыстыруға келмейді, түкке татымайды, қолына су құюға жарамайды. ~ Әлдебір газетте әлдебір жазушы арыз айдаудың ақыл-кеңесінен консультация беріп еді. Арызқойлардың академигі болса да ол сытырың Әбдіжапардың қасында жіп есе алмас… Қ.Ысқ. ~ …бір сөйлескенімде Сәкең маған: – Партия қызметкері Жандосов сияқты адам болуы керек. Әдебиетті, мәдениетті жетік білмей, оған әділ төреші, өз дәрежесіндегі жетекші бола алмақ емес, Төреқұлов, Исаевтар да әдебиетті білемін деседі, бірақ олар оның қасында жіп есе алмайды,- деген еді. Б.Қыд. ~ Жайшылықтa сенің қасыңда жіп есе алмайтын біреулер би білетіндігінің арқасында осындайда шырқап жүріп береді. Б.Соқ. ~ Менің ренішім екі жыл бірге өмір сүріп жатқан әйелім Халиманың ойбайының қасында жіп есе алмай қалды. З.Құн.
