Салыстыруға келмейтіндей нашар, төмен. ~ Өз болашағын осы сүйікті «Абай» арқылы ғана елестетті. Өзге «іштен шыққан шұбар жыланның» бірде бірі мұның қасында жіп есуге жарамайтын. Т.Жұрт. ~ Көреген ғой, көреген! Әжекеңдер оның қасында жіп есуге жарамайды, қарыны салбырап алып, сақалын сипағаннан басқа бұ қарттың да қырып жатқаны белгілі, дегенмен өзі тәуір адам, білетін кісі, Сисенбайдың жаңағы сөзін қатты бағалады-ау, білікті болмаса өйте ме! Ж.Нәж. ~ Мұның қасында, шындығына көшкенде, Әбсаттар жіп иіруге жарар ма екен? О.Сәрс.
