Біріне-бірі дөп қосылған, бір-біріне сайма-сай адамдар туралы. ~ Ұрандасып, бас қосып, кеңесіп, ұлт жұмысына кірісе бастағанда қожасының артынан қолы келіп, басымызға міне түсті; Ол қол – ойдан, қырдан жиылған жітікке саяқ. Олжа тапқыш сығандар, социализмнің атын сатқан большевиктер. Ж.Айм. ~ Жітікке саяқ бір қуды, бұзықты ол ұстаса, бұ қаланың ішінде қалған бар бұзықты мен де ұстай білемін! Соның бәрін Ыбырайдың өз соңына қаптатып салып, қан қақсату менің де қолымнан келер! Аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ. Көзін ашып қарасын Ыбырай! – деді. М.Әу.
