Өсіп-жетілді. ~ Иә, Сырым бала, жоқтан бар болдық, айырдан нар болдық, көндей қамқа тозды, атадан ұл озды, анадан қыз озды, боздан бурыл озды. Осыған жауап берші, шырағым,— дейді. Сонда Сырым батыр: — Иә, жоқтан бар болсам, құдайдың құдіреті болар; айырдан нар болсам, атам үлек болар; көндей қамқа тозса, киюі салақ болар; атадан ұл озса, еркіндігі болар; анадан қыз озса, шіркіндігі болар; Боздан бурыл озса, жүйріктігі болар, Бақай ата! — депті. “Шешендік с.”
