Posted in

ЖОҚТАН СЫЛТАУ ТАПТЫ (ІЗДЕДІ)

Жоқ жерден шатақ шығарды. ~ Оспанды жасқандырған сияқты, Шәрипа Ұлбосынды да жасқандыруға тырысады. Қанша жақсы көріп отырса да, күле қарап еркелетпейді. Басынып кетер, сөзімді тыңдамай кетер деп ойлап, жоқтан сылтау тауып зекіп, ұрсып тастап отырады. Б.Майл. ~ Оңай олжа табуға да шебер ол, жоқтан сылтау тауып кім көрінгеннен қорқытып пара ала береді. C.Мұқ. ~ Сонда мен оның көңіліне қаяу салғандай не істедім. Әлде ол жоқтан сылтау іздеп жүр ме? Ә.Әб.