Posted in

ЖОЛ КӨРСЕТТІ

Бағыт-бағдар нұсқады, ақыл айтты, дұрыс жолға салды. ~ Бұл сенің ақылсыздығыңнан істелетін іс емес. Ақыл да ойлағанды ұнатады. Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді. Ә.Нұрш. ~ Дориан Грейдің өзі жоқ өзге картиналарымда да оның әсері тіпті күштірек. Саған айтып өттім ғой, ол маған жазудың жаңа мәнеріне жол көрсетіп отырады. О.Уай. ~ «Қазақтың» соңғы жүретін жолы — халыққа болып жатқан өзгерістен хабар беру, заманына қарай амал қылу, жол көрсету, сасқанда алдынан шығып жәрдем беру маңайында ғана болашақ… С.Сей.