а) Басшылық қылды, ақылшы болды. ~ Сол “Бұқа” мелисалықты қойып, ендігі жерде елге жол сілтейтін өкіл болып жүр. С.Елу. ~ Қазақстан журналистер одағының қатарынан көрінді. Көп жылдар бойы Алматы қалалық журналистер одағын басқарды. Ол біршама журналистердің, талант иелерінің көзін ашты, жол сілтеді. БАҚ.
ә) Жолды айтты, шығарып салды. ~ Жұрт түрліше дерек айтты:—«Ондай адам мұнда тұрмайды». «Ол кісі бұл жерден көшіп кеткен». Ал, кейбірі кәдімгідей жол сілтеді: — «Е, сенің айтып отырғаның қыли көз Жексенбай екен ғой!.. Былай жүресің, шырағым; Сонау қызыл шатырлы үйдің сол жақ бүйірін жанай өтесің де кілт оңға бұрылып, қаз, үйрегі мол үлкен көшемен жүре бересің, жүре бересің…» Т.Берд.
