Әлдебір қиындықты шешудің оңтайлы әдісін тапты. ~ Жасы алпысқа таяп қалған бәйбіше тұғырынан тая бастаса да, мұндай қысыл таяңда дұрыс ақыл беретін, жол табатын кісі еді. Ә.Шәр. ~ Айығып заманның бұлтынан Кете алды қай халық? Қай халық жол тапты түнектен? Қай халық шыдады ойранға? М.Мақ.
Оқырман ықыласына ие болды. ~ Ы.Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегілер оқырман жүрегіне жол тапты. БАҚ.
