Қарақшылықпен айналысты; әрі-бері өткендерді тонады. ~ Қырсық таба алмай әбден зарығып жүрген Жаппар қыстың айт болып жатқан бip күндері, өзi көбірек кезенген бip ауылдың жолын торыпты. Қ.Шаб. ~ Атыңды шығарғың келсе, бала, өлеңді таста, жол торы. Қасыңа бес-алты бұзықты жинап ал да, мысалы мына Көбентайды… елді шулатып, зәресін ұшыр. Вот, міне, өнер! О.Сәрс. ~ Бұрында біреуден алуды ғана біліп, беруді білмейтін бедерсіз қу тұяқ еді. Енді одан не қайыр. Жол торып адам тонап жүр екен ғой. Е-е, бәсе, топ болып жайын жатқан елді шауып зар- латпаса анау мылтық-сылтықтардың оған не керегі бар?» Р.Рай.
