Posted in

ЖОЛАУШЫНЫҢ ҚАМШЫСЫ ТИІП ЖАТЫР

Ырым-наным бойынша, бала мазасыз ұйықтаса, үйге жолаушы келе жатқаны, соның қамшысы тиіп, ұйқы бермей жатыр делінеді. ~ Үшінші күні (бұл — мен Сорбұлақтан бері оралған, жолдан жаңылған алғашқы кеш) қызың дөңбекшіп ұйықтай алмай қойды. Қайта-қайта оянады. Е-е, жолаушының қамшысы тиіп жатыр ғой деп ойлағанмен, көңілім тыншымады. Атам да ауық-ауық күрсініп, сыртқа шыққыштап кетті. М.Мағ. ~ Тағы бір мазасыз түн өтті… Мұндайда жолаушының қамшысы тиіп жатыр деуші еді. БАҚ.