Posted in

ЖОЛҒА ҚОЙДЫ (ҚОЙЫЛДЫ)

Реттеді, дұрыстады, жүйеге келтірді. ~ … бәрі жабылып Шегебайды мақтайды. Мақтағанда да түбін түсіреді. Ақсақтығына қарамай шағын бизнесті дұрыс жолға қойған Шегебай. Қ.Жиен. ~ Кооперация, сауда жұмысын сенімді қолға тапсырып, халық қалауындағы тәртіппен жүргізілетін жаңа жолға қойып Мұқаметқали абыройлы атақпен губернияға оралды. С.Бег. ~ Бұл елде әсіресе айналаның тазалығына қатты көңіл бөлінетіні көрініп тұр. Экологиялық зардаптың алдын алу дұрыс жолға қойылған. Ә.Ысқ. ~ Громов жолдас барында Богомолов заводының жұмысшылары арасында үгіт жұмыстары жолға қойылып келе жатыр еді. М.Дәу.