Басқалардан құқығы төмен, жолы бәсең. ~ Жолымыз жіңішке болса да қонақ етейік деп бас иіп келіп тұрмыз, ағалар! Б.Тоғ. ~ Сүкең ұзын сөзге жоқ адам. Сарқыт шешеңнің жайын өзің көрдің. Біздің үйдегі апаңның қалай айтқанмен жолы жіңішке, киіп-жара алмайды. М.Қаб. ~ Гүлбаршын болса, жолы жіңішке қыз ғой, Алпамыстың мойын бұрып қарамағанын өзінше жорып, көңілі құлазып, көзіне жас іркіліп еді. А.Сей. ~ Қазақта: «Қызға қырық жерден тыйым, қырық үйден қарауыл», «қыздың жолы жіңішке» деген сөздер бар. …Айттырылып қойған қыздың күні одан да жаман, жолы одан да жіңішке. С.Жүн.
