Бөгет болды, бақытын үзді. ~ Бұл екі ортада оның бас редакторы ауысып, редактордың орынбасары Ғафу Қайырбековтың аса қатты қолдауымен журнал бетінде енді жарияланғалы тұрған шығармамның жаңа бас редактор жолын қиып-ақ тастағаны ғой. С.См. ~ Ендеше, шығармаңыз мұрат тұтқан жалғыз ғана мақсат — рыцарьлық романдардың өктемдігін жою, сөйтіп олардың зиялы қауым мен қара бұқараның арасында кеңінен тарап отырған жолын қию болатын болса, онда сізге философтардан — нақыл, Қасиетті жазбадан — лұғатты сөз, ақындардан — ертегі, шешендерден — ділмарлық, әулиелерден — ғажайыптар сұрап жалынудың не керегі бар? М.Серв.
