Айбат шекті, қаһарланды, тіс көрсетті. ~ Өзі бір кездері көңіл ауаны ретінде сүйініп аударған, елден алыс, ағайыннан ауаша, тұйық күн кешкен Соммэрсет Моэмнің кейіпкерлері сияқты шалғайда жүр. «Қияндағы қыстаудағы» құлжалар сияқты анда– санда жонын күдірейтіп Алматыға келеді. Астанаға ізін сала қойған жоқ. Т.Жұрт. ~ Қарсақтай ғана қауқары бола тұрып, жолбарыспын деп жөнді-жөнсіз жонын күдірейтіп, көрінгенмен шақылдасып тістесіп бағатын тәйтік жұртқа бас-көз болудан асқан азап бар дейсің бе! Ә.Кек. ~ Бұл сөзге әкем қатты ашуланды. Көздері қос ауыз мылтықтың ұңғысындай жансыз суық. Жонын күжірейте қаһарланып, шешемді құлақ шекеден періп жіберді. Қ.Тіл.
