Posted in

ЖӨНІ КЕЛГЕНДЕ

Ыңғайлы сәті туып, орайы түскенде. ~ Мен өзімнің көкейтесті арманымды, жанымның түкпірінде маздап жанған құпиямды Жанарға бір жөні келгенде ақтарып айтып берсем, менің кім екенімді ол таныр еді. Б.Соқ. ~ «Қой мен ретсіз ұрыса бермей сабыр сақтайын. Тіпті мына қалпыммен тілін шығарып алып жүрермін. Жөні келгенде тіліп түсермін»,— деп іштей мықтап бекінген… М.Сүн. ~ Көп бозбалалардың өзіне ынтызар екенін жақсы білетін. Сондықтан оларға ернін шүйіре қарап, жөні келгенде мазақ етіп кетуші еді. С.Мұр.