а) Келісті, көргенді; көлденең жүрісі жоқ. ~ Қазақ кластарын оқытатын екінші мұғалім Сақыш дейтін момындау, жөні түзу келіншек. Соған ауырып қалғанымды айтып, менің кластарымды сен оқыта тұр деп, қағаз жазып жібердім. Ғ.Мүс. ~ Басқарма үйіне келетін қонақтардың сыры мәлім. Қайсыбір шітірейген әкімсымақтар жөні түзу қыз-келіншек көрсе, естерінен танатын әдеті. Б.Соқ.
ә) Оңды, жөндем, жарамды, жарасымды. ~ Қолына жарқыратып жап-жаңа былғары етік ұстаған жирен шал кезіге кетті, Менің бір үлкен арманым осы еді —аяғыма бір жөні түзу етік алып қию еді. Б.Соқ.
