Қыр қазағын кемсіте айту. ~ Жуан қоныш, кең қолтық қазақтар деп, Құлағынан тұмақтың тартып күлер. Өтірік деп айтуға тағы орын жоқ, Намыстанып, көргенде көңілім жүдер. М.Дул. ~ Адвокат мырс-мырс күлді. Онан арғы сөзді өзі алып жөнелді. -Слушай, азаматтар. Сендер қырдағы жуан қоныш, кең қолтық, қоймен бірге жайылып, қоянмен бірге жусап жүрген аңқау, сорлы қазақтың осы замандағы жұлдызысыңдар. Қазақ жарықты сендер арқылы көреді. І.Жанс.
