а) Жаны сірі, шаруаға мықты. ~ Тез қимылдаймын деп үшеуі де терледі. Арши сала түйенің үстіндегі жүктерді апанға тоғытты. Апан аршудан соларды тоғыту қиын болды. Бір буманы үшеулеп азар әкеледі. Бума он шақты. Сарыбала жуан сіңір екеуге ере алмай, аяғын жердей әрең көтереді… Ғ.Мұст. ~ Сонан соң аз уақыт ішінде қатты жасып, қартайып кеткен — Диқанбай екен. Демежанға қараса болды, көңілі босап, аман– саулық сұрағаннан басқа ештеңе айта алмады. Оған қарағанда, қарт Бөке өзінің жуан сіңір қайраттылығына басып, күш қоса, жігер бере сөйлеген… Қ.Жұм. ~ Әне, сонда қиыршық тас, шыны сынығы, қурай атаулыны біріндеп теріп, былай лақтырып тастаған. Ержан жуан сіңір шабдар атты лайды айналдыра жетелеп жүр еді. М.Қаб.
ә) Әлеуетті, белді, ықпалды. ~ Бұрын да партия қажет десе бақидан да суырып алатын еді, кәзір жуан сіңір ағайыны
қолтығынан демейтін әлдекімдер болмаса жөн-жосықсыз өсіп жатқандар некенсаяқ… Қ.Ысқ.
