Posted in

ЖУАН ТҰҒЫР

а) Ұзақ жүріске шыдамды, мініске ыңғайлы ат. ~ Жас болса, қырыққа келіп қалды, мал болса, шағын, елу шақты қараның жарымын бермей қыз келмейді, əлде ыңғайлы қыз да жоқ. Сырын білмеген ноқтаның жуан тұғырын мал шығарып алғанмен, ол əлдеқандай болып шығады. Шаруа ұстай ала ма? Өзі шаруақор, өзі арзан əйел қайдан табылар екен? Ж.Айм. ~ Абайдың сыйы – Бiржанның өзiне тартқан сары жорға ат, сонан соңғы бар жолдасына жетектеткен және бiрнеше жуан тұғыр екен. М.Әу. ~ Ұзақ шабысқа мықты болғыдай жуан тұғыр сары балақ, қоңыр ат астына тиген соң көштен оза жөнелмек болған Боранқұлды қарт тәйжі тежеп қалды. – Жалғыз жүріп жазым боларсың, – деп жібермеді. Ғ.Біл. ~ Екі жирен төбел қара байыр арғымақ шалысты бөлек әкетіп, қалған жуан тұғыр, біріқ жорға, жүрісті нағыз қазақы аттарды да реңіне қарай бөлектеп жатыр. Т.Рыск.

ә) Ірі денелі, тұлғалы, мығым адам. ~ Әкесі Асан атамыз ел-жамағатқа сөзі өткен, аса ықпалды, салт жөнін мықты ұстаған, өз дегені болған, жуан тұғыр, мығым жан еді. «Өзіміздің ескі сүйек… өзіміздің Алсайдың қызы!» деп жалғыз ұлы Нұрғалиды ай- шайға қаратпай, жар таңдатпай, жап-жас қалпында Рахима жеңгемізге үйлендіріп қойған-ды. І.Жақ. ~ Бір отбасының киіп- ішерін дөңгелек айландырып, қамсыз- қамырықсыз күнелтуге кұй- жайы қапталынан жететін. Оның еңсегей бойлы, жуан тұғыр денесіне сай, бет терісі де қалың, әрі сұсты. Т.Рыск. ~ Сол күннің кешінде Ақтоты, ұйқылы- ояу жатып, күйеуін көз алдына келтірді. Кәдімгідей есік ашып, үйге кірді. Үстіне кигені, аппақ болатындай кең- мол жейде- дамбал. Жуан тұғыр денесі ашаң тартып арықтаған. Қан- сөлі қашыңқы. Т.Рыск.