Posted in

ЖУАННЫҢ СОЗЫЛЫП, ЖІҢІШКЕНІҢ ҮЗІЛЕР ШАҒЫ

Ұзақ қыстан шыққан көк өзек қиын мезгіл. ~ Осылайша олар келесі көктемді құр алақан жайып қарсы алды. Біздің малдан небәрі үш ешкі аман еді. «Жуанның созылып, жіңішкенің үзілер шағы» түскенде сол үш ешкінің шандырын тартқылап амалдадық. Б.Мом. ~ Көктем басы. Жуанның созылатын, жіңішкенің үзілетін нағыз көк өзек қиын кезі. Қай үйге барсаң да, «шықпа, жаным, шықпа» деп әрең жан бағып отыр. Б.Соқп.