Қиындыққа, көлденең апатқа ұшырады. ~ Жол ортада қалмапты, бірақ мертігіпті, көштен қалмау үшін арпалысқанмен талай рет жүгі ауыпты. Гүлбаршын екеуі жығылып жатса да алдымен Бердібекті ілгері қарата итерумен болыпты. О.Көш. ~ Сол сайлауда жүгі ауып‚ үлкен таққа өте алмай қалған күні тарс етіп жүрегі жарылып кеткендер де бар. Қ.Түм. ~ Әрбір адамның бір-бір күндесі бар. Түйеңнің жүгі ауған кезде құдайым солардың табасынан сақтасын. Көрсе де, көрмесе де көзіңе шұқып, даттап жүрсе масқара ғой. М.Мақ.
