Мойнына алған міндеті, атқарар жұмысы, мақсат-мүддесі үлкен, ауыр. ~ Мекемелердегі бұрынғы қызметкерлердің бәрі-ақ істерін тастап шықты. Істегендері не әдейі теріс істейтін болды, не нем кетеді қылатын болды. Әркімнің-ақ мойнына алған жүгі ауыр болды. С.Сей. ~ Тұтынған пірің Арқада, Қабаты қалың қалқада. Маңғыстауда көп шайқы Атам бір келді алқаңа. Жолы бір жырақ, жүгі ауыр, Кете гөр салып арқаңа. Н.Шырш. ~ Ал шетелде тарыдай шашылып, қарашаңырақ Қазақстаным деп, атажұртты аңсап, елге оралған және енді оралғысы келіп жүрген қазақтардың көңіл-күйін және олар тап болып отырған қиындықтар туралы ой толғаған «Екі дүние» атты әңгіменің де көтеріп отырған жүгі ауыр екендігі, оны еш екіленбей оқып шыққан адамға өте айқын сезіледі. Ж.Шәк.
