Салмақ салды, жауапкершілік қосты. ~ Оларды шулатып кеткенде не табамын?.. Әркімнің өзіне лайық жүгі бар емес пе? Маған ердің жүгін артқың келеді. Мен бәрібір көтере алмаймын, әшейін қарапайым жанмын. Не істейсің? Т.Әбд. ~ Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар, Өлтіріп талай жанды, жүгін артар. М.Жұм. * Жүргемін жоқ қайғының жүгін артып, Ер сүрінсе еңкеймес, жығылар тік. Бөліп, жарған қайсыбір қуаныштан, Ойландырған оңаша мұңым артық… М.Мақ. ~ Әкекем қосқан қосақтан Айырды шебер құдіретім. Алты атанға жүк арттым, Ала арқанмен берік тарттым. Алдынан жүрмес атакем, Құшақтап тұрып сөз қаттым. М.Ж.Көп.
