Өтініш қылды, базына қылды; қалауын айтты; өтінішін жеткізді, көмек күте қарады. ~ Бекболат (тұрған күйі, сыртқа қарап). Не қылған адам, кеңсесіне барсаң ызғарынан қорқасың; үйіне келсең, жабайы бір адам, жүз салуға арланасың. Әкім болған соң кәрленген күйімен жүрмес пе адам?.. Б.Май. ~ Қазақтардың тілегі бойынша Қалданға жүз салып Абылайды босатып алу үшін генерал-губернатор Неплюев Миллер деген майорды бас қылып арнаулы экспедиция жібереді. С.Ақт. ~ Жүніс. Бәрекелде, ойнамайтын, күлмейтін жастық бола ма? Ойынымыздан айырмасын. Мөржантай! Мөржан. Қақпай тас ойнағандай. Нұрқан. Ажар салатын жеңешем, айтқызатын мен. Сенің әлі де олқың бар ма осы? М.Әу.
