Біреумен сөзге келді, керісіп қалды; дауласты. ~ Бұрын әлде кімнің балаларындай шырық бұзып, ата-анамен тайталасып, жүз шайысып жатпайтын ұл, қызына іштей разы болатын әке, бұйығы, үстіне ілетін киім мен алдындағы асты ғана білетін жетесіз болып өскеніне енді ғана намыстанайын деді. Қ.Ысқ. ~ Түтігіп, қап-қара болып кетіпті, әлдебіреумен жүз шайысып қалған ба деп, бетіне тесіле қарап қалыппын. Б.Қыд. ~ Осы күнге дейiн тырсиған байшiкештерге өтiнiп, сөзi өтпегенмен түс шайысып, ашу мен намыстан қанша рет пышақ жұтты десеңшi! Т.Сәу.
