Posted in

ЖҮЗ ЖЫРТЫСТЫ (ЖЫРТТЫ)

Керісті, дауласты. ~ Кездесу жайында естігенде Алеша қатты абыржыды. Әйтсе де, ол егер осы таласып-тартысып, жүз жыртысып жүргендердің ішінен бұл бас қосысқа байсалды қарайтын біреу болса ол, күмән жоқ, ағасы Дмитрий … Ф.Дост. ~ …хан бәрін тоқтатып: «Оу, жамиғаттар, текке таласып, жүз жыртыспаңдар. Бәріңді бірдей көрмейтінім рас. Менің ең сүйіктім,— алтын сақина кімде болса – сол. Көңілім де сонда» дейді екен. С.Жүн. ~ Өзіммен өзім жүз жыртып, Өзіме өзім мұз бүркіп, Өзімнен өскен балуанға Өз мойнымды үздіртіп, Табынтқан мені тағдыр-ай, Өзгеге кезді сүздіртіп!.. М.Мақ.