Түк болмағандай отыра берді, міз бақпады; сыр бермеді. ~ Әлгі ақсақтың жүзі жанбай, сол өліктің үстінде тұрып, айыпты бөтен біреуге аудармақ болғанына күйіп кеттім. Б.Май. ~ Кейбіреулер Сәлімбекке сездірмей айнала беріп мырс-мырс күледі, ал, жүзі жанбайтын қулар да толып жатыр; олар сыр білдірмей, Сейілханның әңгімесіне «қалтқысыз» сеніп, қостап бастарын шайқап, таңдайларын қағады. Т.Ахт. ~ Мистер Бамбл бұрылып, күйеуінің шағымын құлағы шалып қалған, бірнеше сөзді ұғынып үлгірместен, әлгі ескертпені жасаудан жүзі жанбаған өзінің сүйкімді зайыбының дидарын көрді. Ч.Дик.~ Қасқалдақтың қаны емес, бағасына неге келіспеске?! Бірақ тым жер жастандыруға Ақбергеннің де ары жібермейді. Тарс етіп жарылмаса да суретті қолынан жұлып алуға жүзі жанбайды. Алмасаңыз, атамнан әрмен! Қ.Жиен.
Ұялмай-қызармай, түк болмағандай. ~ Әскер ақыны әлдеқандай, Жазыпты өлең жүзі жанбай. І.Жан. ~ Неге екенін білмеймін, әйтеуір айтқым келді. Әлгі ақсақтың жүзі жанбай, сол өліктің үстінде тұрып, айыпты бөтен біреуге аудармақ болғанына күйіп кеттім. Б.Майл.
