Posted in

ЖҮЗІНЕ КҮЛКІ ЖҮГІРДІ

Көңілі көтерілді, жымиды. ~ Бар қиын сәттерден аман өтіп, не айтылса да пайыммен тыңдауға бел байлаған Бағдан жүзіне тағы да күлкі жүгірді. С.Шай. ~ Қансыз қалтыраған саусақтарын майыса бүгіп, жасыл жапырақтарды аялай сылаған оның ақшыл жүзіне күлкі жүгіріп, миығында толқын дірілі тұрды. Ж.Шәк.