Өңі кірді, жүзі жайнады. ~ Әуелгі кезде ол мұндай кенет соққыдан ес жия алмастай болып еді, бірақ арада бес-алты ай еткен соң қайғы табы көмескіленіп, жүзіне қайтадан қан жүгіре бастады. Д.Ис. ~ Сол кезде мәз болатын ауыл-аймақ, Жүзіне қан жүгіріп, жаны жайнап, Қарайтын қырман жаққа… қариялар Ақуыз балапанның бағып ойлап… С.Жиен. ~ Ермек енді әрқайсысымен қол алысты. Суық, сұрғылт жүзіне қан жүгірген, көзі жайнап барады. Тұйық, ауыр мінез адамның аузынан әлі мардымды ештеме шықпаса ;да, өңіндегі өзгерістер қуанышын сездіріп тұр… Ғ.Мұст.
