Жан-жағына шапағат төккен сәулелі, мейірімді жүз туралы. ~ Түрлеріне қарасаң жауын жайратып келе жатқандай көздері шырақтай жайнап, жүздерінен нұр төгіледі. Ш.Айт. ~ Айтуардың жүзінен нұры төгіліп тұр, күнәкар деуге қалай аузы барады. Д.Дос. ~ Қазбек, сан таулардан асқақ қарап, Шатырың құдіретті жайып қанат, Жарқырап тұр жүзінен нұр төгіліп.
С.Мәу.
