Күйгелек, шамшыл, ашушаң болды, жүйкесі тозды. ~ Абыралы арсылдаған ит пен ашылмайтын көк қақпаға манадан қатты ренжіп, жүйкесі жұқарып тұрған. М.Қаб. ~ Оның жүйкесі жұқара бастайды, шатақшыл болып алады. Б.Мұ. ~ Бұның есік қаққанына ешқандай жауап болған жоқ. Мәселе мәніне жеткенше, бүкіл жүйкеңді жұқартып бітетін осы бір бәлелі іске бас сұқпаса қайтеді? Әншейін кетіп қалып, Лоренске барып, оған ешқандай кеңес бере алмайтынын айтса ше? Жақсы, ал сосын? Дж.Голс. ~ Өнер сапарындағы бақталастық, өмірдегі әділетсіздік жүйкемді көп жұқартты, еңсемді езді, рухымды таптады. Ә.Асқ. ~ Онсыз да жүнжіп жабағы тышып отырған жұбайының жүйкесін жұқарта бермейінші деп жұқалап айтты, жайын ойлады. Д.Дос.
