Беті қайтпаған, еңсесі түспеген. ~ Жоқшылықтың тепкісін қанша жесе де Көпекбайдың жүні жығылмаған, еңсесі түспеген. Тек болар-болмасқа қабаған ит тәрізді арс ете қалатын ашуланшақ. Б.Соқ. ~ Бір жағынан бостан, еркін, еңсесі биік, сезімтал, жүні жығылмаған асау; екінші жағынан адал, сенімпаз, төзімді, еңбекқор ата-бабаларымызды тәрбиелеген қазақтың Азаматтық қоғамы қандай ұйымдық құрылымдардан тұрғызылған еді? Б.Нәу.
