Қатты ашықты д.м. ~ Қазақтан алған әскерлерді қайдағы- жайдағы қатерлі майданға апарып, алдыға салады дейді. Құдай басқа салмасын де! Соғысқа кеткен күйеуі өліп, жесір қалған келіншектер, қалыңы беріліп, ұзатылмай қалған қалыңдықтар жүнін жейді екен. Әйтеу, соғысқа бара алмай, ауылда қалған шал- шауқандар қарқ болған көрінеді, – деген Өтеген. Т.Рыск.
~ Қазақтың «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген сөзі ып-рас қой. Пайға тиген малдың қаңқасы көктемде әр ауылдың сыртындағы шұңқырда саудырап жатты. Өйткені, малдың қоңы тым төмен еді. Арықтықтан терісі сүйегіне жабысып, бір-бірінің жүнін жеп тұрған қаракүл қойының дені қыстан шықпай, арам өлді. М.Қуан.
