Бетін қайтарды, сағын сындырды. ~ Сөйтіп мына қазық жұтқандай қақшиған асау жүнін оңдыртпай бір жыққысы келді. С.Елу. ~ Жерлестеріміз қақпаға допты жолатпаудың барлық амалдарын ойластырып бақты. Бірақ 22-минуттағы бір сәттік қимыл ақтөбеліктердің жүнін жықты да тастады. БАҚ. ~ Кейіндері біздің төңірегіміздегі жұмыс істеп жүрген жиырма шақты адам айлықсыз қалып, аса қиын жағдайда жүрген кезде «Феникс» фильмінің режиссері және сценарий авторы Талғат Жәнібеков деген бауырымыз жастықпенен, ашуменен байқамай теледидардан ауыр сөз айтып қойды. Оның өзіне «ұят болды» деп айтқан болатынмын. Кейінірек түсініскендей болып еді, бірақ бәрібір сотқа беріп оның жүнін жықты. Т.Жам.
