Posted in

ЖҮРЕ ТЫҢДАДЫ

Біреудің айтқан сөзіне, өтінішіне көңіл қоймады, елемей, мән бермей, ықылассыз тыңдады. * Әуелгіде Сая естімеген сыңай танытып жігітті жүре тыңдайтын. Уақыт өте төзімін жеп бітірді, бұл түрімен тасты да кемірер. Жауап қататын болды… Д.Дос. * Қарашашты сүйеді екен. Мәселен, ай бұрын біреу: «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» деп көсемсісе, оны жүре тыңдар еді, өйткені жетімдер өздерін адам баласынан өзге тайпа деп санайтын. М.Қаб. ~ Ауданға таман жылжу керек болып тұр, аға… Былтыр ауатком председателі келгенде құлақ қағыс етіп едім, жүре тыңдады. Б.Тоғ. ~ Осындағы атқа мінерлердің біразына жалындық. Сөзімізді жүре тыңдайды. С.Жүн.