Posted in

ЖҮРЕГІ АЛҚЫНДЫ

Қаны басына шауып, ентіге дем алды. ~ “Жүрегі алқынады, Ауған бұған жігіттің бар құмары. Қайратты қол беліне тиген сайын Тұла бойы тұрғандай балқығалы. Ф.Оң. ~ Жаныма жақын келіп ең – Келмеді бірақ тіс жарғым. Жүрегім талай алқынды-ақ, Бір саған арнап мұң-әнін. Ф.Оң. ~ Кенет оған ана ажал астында Ержан да отыр ғой деген ой келді. «Апырмай, аман болса игі еді» деп тіледі жүрегі алқынып. Т.Ах. ~ — Бішкекке жетпей, автобустан төтенше түсіп қалсақ қайтеді? — деді. Үні алабөтендеу-тін. Шоң Алпаныңыздың жүрегі алқынып, өкпесі өрекпіп: — Мейлі, — деді тіпті ойланбастан айтқандай күйде. М.Бай.