Posted in

ЖҮРЕГІ АЛЫП-ҰШТЫ

Қатты қобалжып, толқыды; сезімі астан-кестен болды. ~ Шырайлым-ау! О не дегенің… Оған бір қонақ асы бере
алмағанымыз ба?.. Ақбілектің жүрегі алып-ұшып барады. Үйге кірді. Шам жақты. Шәй жасады. Алашаның қайырылған жерін жазды. Жайнамазды дұрыстап ілді, әйтеуір бір жерде байыз тауып отыра алмай, оған да, бұған да алаңдай берді. Ж.Айм. ~ Шьн сезімнен қашпалық, қымсынбалық (Әйел соны қалайды—ойлағын сен): Алып ұшсын жүрегің, қайда жүрсең, Қашан маған жеткенше дүрсіл қағып. Ф.Оң. ~ Ертеңгісін қалаға барамыз дегенде Тәшкен базарына жүретіндей жүрегі алып ұшып еді. Қ.Ысқ. ~ Бір кезде Дженевьева ақырын ғана кірпігін көтеріп, қадала қарады,- бұл жолы шыдай алмай қыз емес, жігіт көзін бұрды, қыз емес, жігіт нарттай болып қызарды. Дженевьеваның да жүрегі алып-ұшқанымен сырттай сыр берген жоқ. Дж.Лонд.