Posted in

ЖҮРЕГІ АУЗЫНА ТЫҒЫЛДЫ

Қуанғанда, қорыққанда не қайғырған кездегі қатты толқу туралы. ~ Күнікей не болғанын білмеді. Жүрегі аузына тығылып, қалшылдап, дірілдеп, кеудеден, сақалдан итеріп, төбетпен жағаласқан мысықтай шақылдап, шырылдап, алыса кетті. Ж.Айм. ~ Әуелгі кезде: «Япырау, осы байы өлген, баласы өлген қатындар, өлісімен, қалай сұңқылдатып жоқтай алады екен?! Не ғып жүрегі аузына тығылып қалмайды екен?!» деп, ішінен таңырқап жүрді. Ж.Айм. ~ Жүрегі аузына тығылған қыз алақандарын кеудесіне айқастыра басқан күйі тұрып қалды. М.Қаб. ~ Сэр Роберттің жаймаға көзі түскенде шошығаннан жүрегі аузына тығылып, демі жетпей бір сәт қылғынып қалды. Т.Сәу.