Қорқыныштан, қайғыдан тұла бойы тітіркенді. ~ Бір мезгілде өкірген сиырдай қараңғы түнді күңірентіп, қатындардың дауысы баж ете түсті. Жан шошырлық бажылға дір етпеген жүрек қалмады. Ж.Айм. ~ Алдымда талай белес тұр – Махаббат тірі, кек тірі! – Дегендей, түріп түнекті, Оянды ойы тағы да.
Жұлқынып жүрек дір етті, Күрес пен жырды сағына. Жұб.Мол. ~ Қыран еді бұл неткен құдіретті! Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті. Көрген кезде осыны Шіміркеніп, Жас бүркіттің жүрегі бір дір етті! Қ.М.Әли.
