Posted in

ЖҮРЕГІ ЛОБЛЫДЫ

Әлденеге қатты қобалжыды, жүрегі көтерілді. ~ Қазір, әже! — Баян қабағын шытынып, екі алақанымен бетін ұстады.
Томпақ беттері ысынып, дуылдатып тұр. Құсқысы келгендей жүрегі лоблып сала бергені. Ж.Шағ. ~ Түнімен ұйқысы келмей,
белгісіз бір үрей кіріп, Орынбай ертесіне бей-жай боп тұрған-ды. Өрісте де сол, бойы біртүрлі ауырлай берді. Неге
екені белгісіз, жүрегі лоблып, аузына тығылды. Қорқа ма, қуана ма? К.Қаз. ~ Автобус ызғып бергенде кей-кейде
космодромға беттеп бара жатқандай жүрегім лоблып, аузыма тығылады. М.Қаб.