Қатты қорықты, зәресі зәр түбіне кетті. ~ Оның құлағынан ыңырсыған дыбыс әлі кеткен жоқ, кейде көзінің алдында аппақ қудай болып, көзі илбиіп, жағы суалып, серейіп жатқан бастапқы күйеуі ерекше елестейді. Ол елестегенде Кәтіштің жүрегі мұздай болады. М.Дәу. ~ Ендеше сені Тілеумағамбет тоқалдыққа сұрап отыр. Мал бермейді, үй ішімізді қыстан асырап қана шығады. — Дәмештің жүрегі мұздай боп, тұла бойы қалтырап қоя берді. Б.Май. ~ Қазір мүлде басқа. Бейсембайдың дүниеде тұрғысы келеді. Басқа адам не болса, ол болсын, оның ғана тірі қалғысы келеді. Мылтық көрсе, жүрегі мұздай суынады. М.Дәу.
