Әлдебір ащы сезім ішін күйдірді. * Кешігіп келгендіктен кезек тимей киіз үй сыртында торуылдап жүріп-жүріп, ақыры қолын бір сілтеп өзен жаққа беттеген. Бірақ жүрегін мысық тырнағандай удай ашыды. О.Бөк. * Содан кеш батқанша сыртқа шықпай, диванда дөңбекшіп жатты да қойды. Ештеңеге зауқы жоқ, жүрегін әлдебір ала мысық тырналап жатқандай қиналған. Ә.Асқ. * Нұрлан бұл сөзді ұқты, әмбе ішін бір қара мысық тырнап өткендей болған. О.Бөк. ~ Мынандай өзгереді деп кім ойлаған. Әйтпесе, күнде демесе де, аптасына бір рет саулық тілеп,
кіріп шығар еді ғой. Жүрегін мәлі мысық тырнап алғандай дір етті. Ш.Күм.
