Жаны күйді, жүрегін от шарпығандай болды. ~ Нояннан о да көзін алмас болды, Күйдіріп жас жүрегін жалын кернеп. Шешілді екі жастың жұмбақтары, Екеуі бір іңірде сайда кез кеп… М.Жұм. ~ Туған ағасы дүниеден өткендей боп, жүрегін жалын қапқан Гауһар, Әлқыдырдың соңынан біраз қарап тұрды да, ауласына жыламсырап кіріп кеткен еді. Т.Рыс. ~ Күндіз жолығып, тіл қатудың орайы келгенмен, түн жастап жолығудың сәті түспейді. Сезімнің ыстық лебімен жүрегін жалын шарпып келіндеріне деген бөтен қолдың созылып, жат құшақтың ашылуынан күдіктенген бай, қабаған ит ұстайды. ҚАӘ. (“Қос келіншек”).
