Posted in

ЖҮРЕГІН ЖЕГІДЕЙ ЖЕДІ (КЕМІРДІ)

Жүрегіне қаяу түсіріп, қинай берді. ~ Күйеуі өзін жақсы көрмей, кемсіткелі, жүрегін жегідей жеген зор пиғыл- құлық азабын тартып жүретін. Т.Рыс. ~ Сыртымыздан сыр білдірмей жүрген боламыз, бірақ, әрқашан көңілде ұялаған іс менің жүрегімді де, оның да жүрегін жегідей жеп жүрді. Ш.Айт. ~ Балық жеуге дағды алмаған Шыңғыс, былай да сылбыр жеудің үстіне, Шоқанның табылмауы жүрегін жегідей кеміріп, ішіне ас батырмай отыр. С.Мұқ.